Балабақшамызда 06.02.25 ж күні ата-аналарға ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: ата аналар мен тәрбиеші арасында сенімді қарым қатынас орнату. Балабақшадағы баланың бір күндік өмірімен таныстыру. Ата-аналар балабақшаның күн тәртібімен танысып, балалармен бірге жаттығу жасап, күн тәртібіне байланысты сабақтарына бірге қатысып, ойын түрінде тапсырмалар орындап, ертегі қойылымын тамашалап , өте қызықты өткізді. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұлттық ойындар ойнап, балабақша қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтып тарасты.