


15ші шілде Бракераж комиссиясы ас блогында дайындалған тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін тексерді. Тексеру барысында тағамдардың сыртқы көрінісі, түсі, иісі, дәмі, консистенциясы және температурасы қаралды. Дайын тағамдардың бекітілген ас мәзіріне және технологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар тағамның дайындалу сапасы, порция мөлшері, ыдыстардың тазалығы және тәуліктік сынаманың сақталуы бақылауға алынды.
Тексеру нәтижесінде дайын тағамдардың сапасы талапқа сай деп бағаланды. Бракераж журналы белгіленген тәртіппен толтырылды.
