“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №51″Жарқын бала” бөбекжай-балабақшасының “Ақбота” ересек тобында “Ана көрген тон пішер” атты аналар мектебі(шебер сағаты) өткізілді. Шебер сағаттың мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы арқылы балалардың даму қабілетін арттыру. Ұлттық құндылықты қалыптастыру үшін, бүгінгі күні жандандырылып жатырған ұлттық ойындарымызды (“Киіз үй”,”Асық”,”Ою”т.б.) заманауи үлгіде дидактикалық құрал ретінде балалардың рухани дамуына пайдалану болып табылады. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі әлемдегі теңгесі жоқ тәрбие. Сондықтан жас бүлдіршіндерімізді толыққанды тұлға ретінде қалыптастыру үшін, қазақтың ұлттық құндылықтарын баланың бойына сіңірту маңызды. Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық процеске ата-аналарды кі…