Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Сауат ашу. Сурет салу. Тақырыбы: «Тұрмыстық техникалар» Мақсаты: 1. Күнделікті тұрмыста қолданылатын тұрмыстық техникалармен таныстыру. Атауларын дұрыс атап, зиянды және пайдалы жақтарын, атқаратын қызметтерін айта алады. Екі-үш сөздерден тұратын сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасай алады. Қауіпсіздік ережелерін сақтай біледі. Мақсаты: 2. Пішіндерді пайдалана отырып тұрмыстық техникаларды салу, сызықтарды қосу, сызу арқылы суреттің екінші бөлігін салып, тұтас бейне жасай алады.