Аралас оқу қызметі .Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру. Тақырыбы: “Бауырсақ” ертегісі Мақсаты:Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлеріне қонаққа бара отырып, қиялы мен қабілеттерін дамыту. Балалардың сөздік қорын, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математика ұғымдарын бекіту, оларды ажырата айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.